
Алматы аймақтық көпсалалы клиниканың медицина қызметкерлері мен пациенттеріне G-time Corporation ЖШС өкілдері шунгит өнімдерін табыс етті. Құрылтайшысы Жанат Мәулсейітқызы Жұмағұлова болып табылатын компания бірнеше жылдан бері шунгит өнімдерін өндірумен айналысып келеді.
Бұл компания 2015 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰӨА академиктерімен және ғалымдарымен бірлесіп отандық косметикалық өнімдер шығаратын "Шұғыла Шунгит" жеке зауытын салды. Өндірістің басты ерекшелігі бүкіл косметикалық желі шунгиттің табиғи минералы, сондай-ақ басқа да табиғи компоненттер негізінде жасалған.
Шунгит-98% дейін көміртектен тұратын, табиғи сүзгі ретінде көмірден он есе артық ежелгі минерал. Шунгит адам денсаулығының жалпы жағдайына жағымды әсер ете алады.
Аталған клиниканың директоры Олжаев Саяхат Таурбекұлы клиника ұжымы мен пациенттер атынан G-time Corporation директоры Жұмағұлова Жанат Мәулсейітқызына және компания өкілдеріне алғысын білдірді.