
Алматы аймақтық көпсалалы клиника мен Талдықорған қаласындағы Облыстық көпсалалы клиника 2022 жылдың мамыр айында меланома және тері обыры, қуық обыры туралы, сондай-ақ Дүниежүзілік аналық без обырымен күрес күні аясында хабардарлықты арттыруға арналған Ашық есік күнін өткізді. Клиниканың жетекші мамандары: онкохирург, Онкогинеколог, онкоуролог, УДЗ дәрігері қабылдау жүргізді.
Ашық есік күндері 95 адам тексерілді. Қатерлі ісік белгілері толыққанды тексеруге жолдама берілген 16 адамда анықталды.
Скрининг-дені сау адамдарды ұйымдастырылған тексеруден өткізу, бұл ауруды ерте анықтауға және оның алдын алуға көмектеседі.
Скринингтен өту адамда қатерлі ісікке күдік бар дегенді білдірмейді.