Клиникаға қазақстандық ғалым Диляра Қайдарова іссапармен келді

Клиникаға қазақстандық ғалым Диляра Қайдарова іссапармен келді

Бүгін Облыстық көпсалалы клиникаға қазақстандық ғалым, гинеколог-онколог, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, ҚР ДСМ онкология және радиология ҚазҒЗИ директоры Диляра Қайдарова келді. Талдықорғанға сапары барысында Диляра Қайдарова 160 адамға арналған облыстық көпсалалы клиника құрылысының жобасымен танысты. Сондай-ақ, бір ауысымда 200 келушіге арналған амбулаториялық-емханалық қызмет жобасы талқыланды. Сонымен қатар Диляра Қайдарова клиникада емделіп жатқан пациенттердің жағдайымен танысып, емдеу туралы кеңес берді.

Қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған облыстық көпсалалы клиника 140 төсекке есептелген, оның ішінде хирургия (1 және 2 блок); химиотерапия бөлімшесі; радиология бөлімшесі; терапия (паллиативтік көмек) бөлімшесі және ауысымына 160 адам қабылдайтын амбулаториялық-емханалық қызметі бар.

Емханада әр түрлі бағыттағы 16 дәрігер, 13 орта медицина қызметкері және 5 кіші медицина қызметкері жұмыс істейді.

Бөлімшеде науқастарға консультация беру онкохирург, онкогинеколог, онкомаммолог, химиотерапевт кабинеті және "емдеуге жатқызу бюросы" қабылдау кабинеті бойынша жүргізіледі. Онда онколог, химиотерапевт дәрігер қабылдайды және емханаға емделуге келіп түсетін пациенттерге консультация береді. Мамандандырылған емдеу үшін көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштерді анықтайды.

Сонымен қатар диагностикалық кабинеттер жұмыс істейді:

* Компьютерлік томография кабинеті

* Эндоскопия кабинеті

* Ультрадыбыстық зерттеу кабинеті

* Рентгенологиялық кабинет

* Маммография кабинеті