Құрметті Алматы облысының тұрғындары!

Құрметті Алматы облысының тұрғындары!

Алматы аймақтық көпсалалы клиникасы және Талдықорған қаласындағы көпсалалы облыстық клиника 2022 жылдың мамыр айында меланома және тері обыры, қуық обыры туралы, сондай-ақ Дүниежүзілік аналық без обырына қарсы күрес күні аясында хабардарлық айлығын өткізеді. 21.05.2022 ж. сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін меланома және тері обыры туралы хабардарлықты арттыруға арналған Ашық есік күнін өткізеді. Қуықтың қатерлі ісігі және аналық без қатерлі ісігі туралы клиниканың жетекші мамандары (онкохирург, онкогинеколог, онкоуролог және УДЗ дәрігерлері) қабылдау жүргізеді.

Өткізу орны:

1."Алматы аймақтық көпсалалы клиникасы"ШЖҚ КМК.

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Р. Бағланова көшесі-69а.: 8 777 016 82 40; 8 727 261 39 52; 8 727 227 52 96; 8 727 248 40 11; 8 727 248 58 24.

2.ШЖҚ "Облыстық көпсалалы клиника"КМК.

Мекен-жайы: Талдықорған қаласы, Абай көшесі 316 .