Туберкулездің алдын алу

Туберкулездің алдын алу

Халықты туберкулездің жеке және қоғамдық алдын алу шаралары туралы, туберкулездің алғашқы белгілері туралы, туберкулезді жұқтырудың қауіптілігі мен ауыр зардаптары туралы ақпараттандыру, денсаулыққа ортақ жауапкершілікті тәрбиелеу, облыстағы МСАК деңгейінде өзін-өзі сақтау мінез-құлық дағдыларын дамыту мақсатында облыстың 24810 тұрғынын қамтумен 472 түрлі іс-шара (дәрістер, әңгімелер, акциялар, дөңгелек үстелдер, ашық есік күндері және т.б.) ұйымдастырылып, өткізілді.

Сонымен бірге, салауатты өмір салтының қызметкерлері 673 адамды қамтумен 20 іс-шара ұйымдастырды. Соның ішінде 215 адамды қамтумен 10 семинар-тренинг, 310 адамды қамтумен 5 онлайн-вебинар және конференция, 148 адам қатысқан 5 спорттық шара өткізілді.

Аталған іс-шаралар Ақсу, Ескелді, Кербұлақ, Талғар, Ұйғыр аудандыр мен Талдықорған және Текелі қалаларында өткізілді.