
Коронавирустық инфекцияның таралу қарқынының төмендеуіне қарамастан, Алматы облысында халықты вакцинациялау жалғасуда.
Мәселен, бүгінгі күні облыста вакцинаның бірінші компонентін алғандар саны достигло 1 036 806 адамға жетті, бұл иммундауға жататын халықтың 86,4% - ын құрайды. Ал екінші компонентті 977 123 азамат немесе 81,4%-ы алды.
Сонымен қатар, облыста ревакцинация бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.
26 сәуірдегі статистика бойынша облыста ревакцинация курсынан 327 256 адам өтті. Оның 38 724 – і Pfizer компаниясының Комирнати вакцинасын алды.
Осы вакцинамен иммундау жұмыстары жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдер арасында да жалғасуда.
Бүгінгі таңда вакцинацияланған халық саны 133 132 адамды құрайды.
Оның ішінде 106 535 жасөспірім, 4522 жүкті әйел, лактация кезеңіндегі – 17 441 әйел. Вакцинаның екінші компонентін 115 815 азамат алды. Оның ішінде 12 жастан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер – 95 165, 3958-жүкті және 15 767 бала емізетін әйелдер.