Алматы облысының Жедел жәрдем станциялары жаңа манекен-тренажерын сыйға тартты

Алматы облысының Жедел жәрдем станциялары жаңа манекен-тренажерын сыйға тартты

"SENIM" Денсаулық сақтау қызметкерлері салалық кәсіподағының өкілдері Алматы облысының жедел және шұғыл жәрдем станциясының қызметкерлеріне медициналық манекен-тренажерын табыс етті.

Жедел жәрдем фельдшерлері тұрақты негізде оқиды және өз біліктілігін арттырады. Сондықтан мұндай сыйлық пайдалы болды.

"SENIM" Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы " Республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы облыстық филиалының төрағасы Айбол Исаевтың айтуынша, медицина қызметкерлеріне тұрақты негізде көмек көрсетілуде.

-Біз жедел жәрдем қызметкерлеріне осындай манекендер қажет екенін білеміз, сондықтан медицина қызметкерлері күніне орай оны сыйға тартуға шешім қабылдадық. Сондай-ақ, бұл манекенді медицина колледжінің студенттері де пайдалана алады, бұл тренажер келесі іс - шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді: тыныс-тіршілік белгілерін диагностикалау, жүрек-өкпе реанимациясын (жөр) жүргізу және басқа да процестер, - деп атап өтті Айбол Исаев.

Өз кезегінде жедел жәрдемнің бас фельдшері Шолпан Нұрғалиева "SENIM" Денсаулық сақтау қызметкерлері салалық кәсіподағының өкілдеріне осындай сыйлық үшін алғысын білдірді.

- Тренажер қысқа уақыт ішінде білім алушыға адам анатомиясы мен физиологиясы туралы негізгі білім береді, оның негізінде төтенше жағдайға тап болған адамға алғашқы медициналық және реанимациялық дәрігерге дейінгі көмектің тұрақты практикалық дағдылары қалыптасады. Фельдшерлер әрқашан өз біліктіліктерін арттырып, білім аясын кеңейтуі керек. Бізде тұрақты негізде оқыту курстары өтуде, - деп қорытындылады ол. Іс-шара соңында фельдшер іс жүзінде студенттерге алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын көрсетті.