Басқарманың қызметкерлері қазақ тілі курсынан өтті

Басқарманың қызметкерлері қазақ тілі курсынан өтті

Денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері Тілдерді дамыту басқармасына барып, қазақ тілінен арнайы сабақ алды. Тіл курсынан өткен мамандардың айтуынша, жұмыс барысында үлкен септігін тигізген. Сонымен қатар құжаттармен жұмыс істейтін сала мамандары үшін үлкен мүмкіндік екенін атап өтті.

Мамандар басқармада тест тапсырып, қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтады. Тіл оқыту курсынан өткен денсаулық саласының мамандарына курс аяқталғаннан кейін сертификат табыс етілді.