Алматы облысы халқының 50% - дан астамы ревакцинация курсынан өтті

Алматы облысы халқының 50% - дан астамы ревакцинация курсынан өтті

Коронавирустық инфекцияның таралу қарқынының төмендеуіне қарамастан, Алматы облысында халықты вакцинациялау жалғасуда.

Мәселен, бүгінгі күні облыста вакцинаның бірінші компонентін  алғандар саны 1 033 411 адамға жетті, бұл иммундауға жататын халықтың 86% - ын құрайды. Ал екінші компонентті 971 473 азамат немесе 81%-ы алды.

Сонымен қатар,  облыста ревакцинация бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.

26 сәуірдегі  статистика бойынша облыста ревакцинация курсынан 319 085 адам өтті, бұл 51,9%-ды құрайды.  Оның 35 596- ы Pfizer компаниясының Комирнати вакцинасын алды.

Осы вакцинамен иммундау жұмыстары жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдер арасында да жалғасуда.

Бүгінгі таңда вакцинацияланған халық саны 131 792 адамды құрайды.

Оның ішінде 105 888 жасөспірім,  4488 жүкті әйел, лактация кезеңіндегі - 17 349 әйел. Вакцинаның екінші компонентін 114 137азамат алды. Оның ішінде 12 жастан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер – 94 100, 3920-жүкті және  15 621 бала емізетін әйелдер.