Қарағандыда Қазақстандағы онкологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі өтті

Қарағандыда Қазақстандағы онкологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі өтті

14-16 сәуірде онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспар іс-шараларын жол картасы бойынша іске асыру шеңберінде ҚазОРҒЗИ, өңірлердің онкологиялық ұйымдары және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі басшыларының қатысуымен 2022 жылдың 1 тоқсанындағы онкологиялық қызмет жұмысының қорытындысы бойынша кеңес өтті. Үйлестіру кеңесі Қарағанды қаласында – "Қарағанды қаласының №3 көпбейінді ауруханасы"ШЖҚ КМК базасында өткізілді.

Қазақстанның бас онкологы Диляра Қайдарова әр облыс бойынша тоқсандық есепті тыңдады. Үйлестіру кеңесінің отырысына Алматы аймақтық көпсалалы клиниканың директоры Олжаев Саяхат Таурбекұлы және Талдықорған қаласындағы Облыстық көпсалалы клиниканың директоры Умирбаев Мадияр Аманккелдыұлы қатысты. Онкологтар Алматы облысындағы жағдайды баяндап, онкология саласындағы мәселелер мен оның шешу жолдарына тоқталып өтті.

Сонымен қатар үйлестіру кеңесінің отырысына қатысқан онкологтар Қарағанды фармацевтикалық кешенінде болып, оның иммундыбиологиялық, биофармацевтикалық және дәрі-дәрмек өндірісімен, инновациялық жетістіктерімен танысты.