Клиника 1 тоқсан бойынша сайыстың қорытындысын жариялады

Клиника 1 тоқсан бойынша сайыстың қорытындысын жариялады

Талдықорған қаласындағы Облыстық көпсалалы клиника және Алматы аймақтық көпсалалы клиника Алматы облысының 0-І сатысында көзге көрінетін локализациядағы қатерлі ісіктерді ерте анықтауға арналған «Самый онконастороженный медицинский работник» конкурсының нәтижесін жариялады.

Жылына төрт рет өткізіліп тұратын конкурсқа Алматы облысының медицина қызметкерлері қатысты.

Конкурстың басты талабына сәйкес тоқсан сайын аудандық медициналық ұйымдарда қырағылық танытып, онкологиялық аурудың 0-І сатысында анықтаған мамандар анықталды. Жүлделі орындарға ие болған ұйымдардың үздік қызметкерлеріне бағалы сыйлықтар табыстады.

Бұл байқау тоқсан сайын өткізіліп, жыл қорытындысы бойынша үздік ұйым анықталады. Сондай-ақ, үздік қызметкерлерді шетелде біліктілігін арттыруға жіберу жоспарланып отыр.

Бұл байқаудың демеушісі 2022 жылдың I тоқсанында Orion Pharma компаниясы болып табылады!