Клиникада ашық есік күні өтті

Клиникада  ашық есік күні өтті

Алматы аймақтық көпсалалы клиникада және Талдықорған қаласындағы Облыстық көпсалалы клиникада 26 наурыз күні жатыр мойыны обыры мен колоректальды рак ауруының алдын алу мақсатында Ашық есік күні өтті. Өз денсаулығына алаңдаған 81 тұрғын дәрігерлердің қабылдауында болып, тексеруден өтті. Олар рак ауруына қатысты дәрігерлерден бірқатар кеңестер алды. Сонымен қатар мамандар аурудың алдын алудың жолдарын түсіндірді.

Тексеру барысында 6 адамнан рак ауруының белгілері анықталып, дәрігерлер толыққанды тексеруге жіберді.

Естеріңізге сала кетейік, скрининг-аурудың бастапқы сатысында анықтап, дер кезінде емдеуге мүмкіндік береді.