
Алматы облысының инфекциялық бөлімшелеріндегі төсек саны 610 орынға дейін қысқартылды. Бұл туралы Jetisy ' Media ақпараттық алаңында өткен брифинг барысында белгілі болды.
Сондай-ақ жоғары ағынды оттекті терапия әдісі енгізілді, 148 хай Флоу аппараты бар, 53 000-нан астам адам ем қабылдады.
"Коронавирустық пневмонияны ерте кезеңде анықтау үшін жаңа цифрлық жүйе енгізілді. Облыс ауруханаларында жеке қорғану құралдарының айлық қоры бар", - деп атап өтті Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының эпидемиолог маманы Рандир Сахариев.
Естеріңізге сала кетейік, облыста барлығы 69 523 коронавирус ауруы тіркелген, соңғы тәулікте барлығы 1 жағдай тіркелген. Медициналық қызметкерлердің бақылауында 290 адам бар, оның 108-і стационарда емделуде.