Алматы облысындағы эпидемиологиялық жағдай және вакцинация жұмыстары туралы

Алматы облысындағы эпидемиологиялық жағдай және вакцинация жұмыстары туралы

Алматы облысында 12 жастан бастап тұрғындарды коронавирустық инфекциядан вакцинациялау жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі күні өңір бойынша 318 вакцинация пункті, 76 мобильді және 17 жылжымалы пункт жұмыс істейді.

2022 жылдың 14 наурызындағы жағдайы бойынша облыста вакцинаның бірінші компонентін 1 009 525 адам, немесе тиісті контингеттің 84,1% – ы, екінші компонентті – 919 365 азамат немесе иммундауға жататын ересек тұрғындардың 76% - ы алды.

Қазіргі уақытта облыс тұрғындары төрт вирусқа қарсы препараттан вакцина таңдай алады, олар: Гам-КОВИД-ВАК (Спутник V), "QazCovid-in", "SinopharmVeroCell" және жасөспірімдерге, жүкті, бала емізетін әйелдерге, сондай-ақ 60 жастан асқан адамдарға және медицина қызметкерлеріне арналған Comirnaty (Pfizer).

Сонымен қатар, облыста жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдер арасында вакцинация жұмыстары жүргізілуде. Облысқа барлығы 451 620 доза Комирнати вакцинасы келіп түсті. 14 наурыздағы жағдай бойынша вакцинацияланған халық саны 119 613 адамды құрайды, оның ішінде 98 977 жасөспірім, 4266 жүкті әйел және лактация кезеңінде 16 301 әйел.

Одан бөлек, 245 811 адам иммундаудың толық курсынан өтті. Оның ішінде 233 665 адам "QazCovid-in" және "SinopharmVeroCell" вакциналарын алса, 12 146 адам Comirnaty (Pfizer) вакцинасын алды.

Сонымен қатар, соңғы тәулікте КВИ-дің 4 жағдайы тіркелді. Соңғы 2 аптадағы өсім қарқыны 0,01% - дан 0,003% - ға дейін төмендеді. Облыс өңірлері бойынша сырқаттанушылық: Іле-2, Жамбыл-1, Талдықорған қаласы-1.

Естеріңізге сала кетейік, пандемия басталғалы бері және бүгінгі күні облыста КВИ зертханалық расталған 69 520 жағдай тіркелген, оның ішінде 52 929 жағдай симптомдарымен.