Алматы облысындағы вакцинация жұмыстары туралы

Алматы облысындағы вакцинация жұмыстары туралы

Алматы облысында 12 жастан бастап тұрғындарды коронавирустық инфекциядан вакцинациялау жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі күні өңір бойынша 318 вакцинация пункті, 76 мобильді және 17 жылжымалы пункт жұмыс істейді.

2022 жылдың 2 наурызындағы жағдайы бойынша облыста вакцинаның бірінші компонентін 1 002 871 адам, немесе тиісті контингеттің 83,6% – ы, екінші компонентті – 904 255 азамат немесе иммундауға жататын ересек тұрғындардың 75,4% - ы алды.

Қазіргі уақытта облыс тұрғындары төрт вирусқа қарсы препараттан вакцина таңдай алады, олар: Гам-КОВИД-ВАК (Спутник V), "QazCovid-in", "SinopharmVeroCell" және жасөспірімдерге, жүкті, бала емізетін әйелдерге, сондай-ақ 60 жастан асқан адамдарға және медицина қызметкерлеріне арналған Comirnaty (Pfizer).

Сонымен қатар, облыста жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдер арасында вакцинация жұмыстары жүргізілуде. Облысқа барлығы 451 620 доза Комирнати вакцинасы келіп түсті. 2 наурыздағы жағдай бойынша вакцинацияланған халық саны 109 088 адамды құрайды, оның ішінде 90 095 жасөспірім, 4014 жүкті әйел және лактация кезеңінде 14 979 әйел.

Одан бөлек, 220 455 адам иммундаудың толық курсынан өтті. Оның ішінде 211 079 адам "QazCovid-in" және "SinopharmVeroCell" вакциналарын алса, 9376 адам Comirnaty (Pfizer) вакцинасын алды.