
Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың қатысуымен 2021 жылғы қызмет қорытындылары мен таяу кезеңдегі міндеттер бойынша ведомствоның кеңейтілген алқа отырысы өтті.
Алқа жұмысына ведомстволық бағынысты ұйымдардың, денсаулық сақтау басқармаларының, үкіметтік емес ұйымдардың, құрылымдық бөлімшелердің басшылары қатысты.
Алқа отырысында Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ниязбеков Өмірзақ Әбілсейітұлы «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде басым бағыттарды атап өтті.
- Денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасын нығайту, медициналық ұйымдарды қажетті құралдармен жабдықтау арқылы халыққа жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігін кеңейту және кадрлармен қамтамасыз ету болып табылады,- деді басқарма басшысы.
Сонымен қатар Ұлттық жоба аясында облыста ауылдағы денсаулық сақтау инфрақұрылымдарын дамытуға баса назар аударылады.
Қазіргі таңда облыста жаңа нысандардың құрылысы жалғасуда. 2021 жылы Жамбыл ОАА жанында 3 дәрігерлік амбулатория, 100 төсектік перзентхана бөлімшесі салынды, ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған 2 оңалту орталығы ашылды, 17 ауылда модульдік кешендердің медициналық пункттері ашылды, 15 - жалға алынған үй - жайларда), Талдықорған қаласының № 1 қалалық емханасының, сондай-ақ облыстың ең шалғай аудандарының бірі-Балқаш ОАА жөндеу жұмыстары аяқталды. Ауылдық денсаулық сақтаудың тағы 5 объектісінде ("Кәусар" оңалту орталығы, Кеген ауданының Жалаңаш ауылының Қарталы ОАА, СБ ғимаратының Б блогы, Кеген ауданының ОАА және Кеген ауданының Алғабас ауылында) жұмыстар жалғасуда. Талғар ауданында 29 нысанға күрделі жөндеу жүргізілді.
2022 жылы 5,4 млрд.теңгеге медициналық мекемелерге 286 бірлік медициналық техника сатып алу жоспарланып отыр.