
2022 жылғы 23 ақпандағы жағдай бойынша облыста КВИ зертханалық расталған 69325 жағдай тіркелген, оның ішінде 52755 жағдай симптомдарымен.
Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы екі аптаны салыстыру кезінде 0,2%-дан (09.02-15.02) 0,1% -ға (16.02-22.02) дейін төмендеді. Соңғы аптада аурудың ең жоғарғы өсу қарқыны Ақсу-0,2%, Сарқан-0,2%, Текели қаласында-0,2% байқалады.
Соңғы тәулікте КВИ-дың 36 жағдайы тіркелді, оның ішінде 29 симптомдық (80,6%) және 7 симптомсыз (19,4%) жағдай.
Облыс өңірлері бөлінісінде КВИ сырқаттанушылығы:
Еңбекшіқазақ-3, Жамбыл-3, Іле-9, Қарасай-1, Қаратал -1, Кербұлақ-1, Панфилов-4, Райымбек-1, Талғар-1, Талдықорған-11, Текелі-1.