
Бүгін Талғар ауданында Мәжіліс депутаттары "Ақ Жол" партиясынан Азат Перуашев пен Қазыбек Иса, "Ақ Жол" партиясының облыстық филиалының басшылығы, сондай-ақ Алматы облысы аудандық мәслихатының депутаттары Талғар ауданының басшылығымен, қоғам қайраткерлерімен және аудан тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында түрлі мәселелер, соның ішінде медицина мәселелері талқыланды. ҚР Президенті Қасымжомарт Тоқаев көтерген жалпы елдегі медициналық мекемелерді материалдық - техникалық қамтамасыз ету мәселесі басты назарда болды. Сондықтан мемлекеттік меншіктен сатып алу құқығынсыз 15 жыл мерзімге "A Class Medical" ЖШС басқарушы компаниясының сенімгерлік басқаруына берілген Талғар орталық аудандық ауруханасына ерекше назар аударылды. (иесі-мемлекет, компания тек басқарады)
Депутаттар Қызыл Қайрат кентіндегі балалар емханасында , ковид орталығында және оңалту орталығында болды.
A Class Medical басқарушы компаниясы сөзбен емес, іс жүзінде мемлекет алдындағы және бірінші кезекте білікті медициналық көмек көрсете отырып, халық алдындағы өз міндеттемелерін орындайды.
Оңалту орталығын аралау барысында Мәжіліс және мәслихат депутаттары пациенттермен оңалту орталығы көрсететін көмектің сапасы туралы әңгімелесті, пациенттер орталықтың медициналық персоналы туралы, мұқият медбикелер, білікті және сауатты дәрігерлер туралы үлкен ықыласпен және ризашылықпен сөйледі, сондай-ақ компания басшылығына оңалту орталығы үшін ерекше алғысын білдірді.
Осындай кездесулер барлық медициналық нысандарда өтті.
Қазіргі уақытта депутаттар таныстыру кездесулері барысында А-Класс Медикал компаниясының жұмысына оң баға берді