
«A-Class Medical» ЖШС бастамасымен Талғар аудандық орталық ауруханасына жаңа заманауи құрылғы сатып алынды. Су жаңа электронды-оптикалық жабдықдың артықшылықтары жетерлік. Мәселен, ол рентген суретін жоғарғы сапада алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, заманауи технология күрделі зерттеулер жүргізу үшін де пайдаланылады. Атап айтсақ, травматология, жалпы хирургия және нейрохирургия, урология, эндоскопия, ангиография, ортопедия салаларында қолданылады. Яғни, құрылғы рентген суретінің сапасын арттыру және диагностика кезінде нақты нәтиже көрсетуімен өзге технологиялардан ерекше. Озық үлгідегі жабдық науқастар мен қызметкерлердің қауіпсіздігіне де кепілдік береді. Себебі, оны шығарушылар құрылғының барынша аз сәуле бөлуіне күш салған. Сондай-ақ, өндіруші радиация көлемін азайту үшін де оған жетілдірілген жүйелерді енгізген. Құрылғыда соңғы суретті автоматты түрде сақтау функциясы, дисплейі бар дозиметрлер, коллиматорлар мен лазерлік нұсқау жүйелері қарастырылған.