
Көпсалалы облыстық клиникада өкпенің, асқазанның қатерсіз және қатерлі ісіктеріне торакоскопиялық, лапароскопиялық операциялар жасалады. Операцияны клиниканың емдеу ісі жөніндегі директордың орынбасары Смаилов Елдос Ершатұлы және хирургия бөлімінің меңгерушісі Кляцко Александр Алексеевич жасайды.
Іш қуысында немесе жамбас аймағында локализацияланған қатерлі ісік ауруын емдеу кейбір жағдайларда хирургиясыз жүргізілуі мүмкін. Бірақ Кибер пышақ радиохирургиясы (мысалы, бауыр қатерлі ісігін, бүйрек қатерлі ісігін емдеуде) немесе мақсатты емдеу көрсетілмесе, онда науқасқа хирургиялық араласу қажет.
Лапароскопиялық хирургия жолымен жасалған операциядан кейін сау тіндерге минималды жарақат салынады және ісікті толығымен алып тастап, тез қалпына келтіреді. Сонымен қатар қатерлі ісік ауруын кешенді емдеудің келесі кезеңдеріне химиотерапияға, сәулелік емге тез өтуге мүмкіндік береді.