
21 желтоқсанға қараған күні облыста КВИ зертханалық расталған 57 650 жағдай тіркелген, оның ішінде 43 124 жағдай симптом белгілерімен.
100 мың тұрғынға шаққанда КВИ сырқаттанушылық көрсеткіші – 2697,2 құрады. Соңғы екі аптамен салыстырғанда облыс бойынша КВИ өсу қарқыны 0,04% - дан 0,02% - ға дейін төмендеді.
Облыс өңірлері бөлінісінде КВИ аурушаңдығы: Алакөл-4, Балқаш-1, Еңбекшіқазақ-2, Іле-1, Жамбыл-1, Панфилов-1, Кеген-1.
Сондай-ақ, 21 желтоқсанда вакцинаның бірінші компонентін 881 433 адам, екінші компонентін 816 989 адам алды.