
Бағдарламаның негізі ел халқының АИТВ/ЖИТС проблемасы туралы хабардарлығын арттыру, ынтымақтастық пен ортақ жауапкершілікті көрсету, сондай-ақ АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі өмірлік маңызды қызметтерді іске асыру.
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні 1 желтоқсанда атап өтіледі. Бұл күнді ДДҰ 1988 жылы АИТВ-ның таралуынан туындаған ЖИТС індеті туралы хабардарлықты арттыру мақсатында, сондай-ақ осы аурудың құрбандарын еске алу күні ретінде белгіледі.
Күрес күнін өткізу - АИТВ инфекциясының таралу проблемасына назар аудару, халықты профилактиканың негізгі шаралары, диагностикалау әдістері және салдарлардың қайтымсыздығы туралы хабардар ету; өз денсаулығына және айналасындағылардың денсаулығына құнды қарым-қатынас қалыптастыру; АИТВ жұқтырған адамдарға қатысты кемсітуді болдырмайтын әлеуметтік ортаны қалыптастыру. АИТВ/ЖИТС пандемиясымен күрестің әлемдік тәжірибесі барлық елдердің бірлескен күш-жігері мен азаматтардың өз мінез-құлқы мен денсаулығы үшін жауапкершілігі АИТВ-инфекциясының таралуына айтарлықтай әсер етуі мүмкін екенін көрсетті.
«АИТВ/ЖИТС туралы барлығы!» Ұлттық бағдарлама шеңберінде 1735 облыс тұрғындарын қамтитын 50 түрлі ақпараттық-түсіндіру, сауықтыру, бос уақытты өткізу, коммуникативтік іс-шаралар (семинарлар, тренингпен дәрістер, пікірталастар, акциялар, спорттық іс-шаралар) ұйымдастырылды.
Соның ішінде, 150 адамды қамтумен 3 акция, 783 адамды қамтумен 20 семинар, 456 адамды қамтумен 12 пікірсайыс, 346 адамды қамтумен 15 спорттық шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.