
Талдықорған қалалық көпбейінді ауруханасының базасында нейрохирургия бөлімшесінде 18.11.2021-20.11.2021 аралығында мастер класс өткізу жоспарлануда. Мастер-класс ҚР Президенті Іс басқармасы медициналық орталығы ауруханасының жоғары санатты нейрохирург дәрігері Нейрохирург Айбол Батырханұлы Сансызбаевтың қатысуымен өтеді. Семинар тақырыбы: "орталық жүйке жүйесінің даму аномалиялары, дегенеративті аурулар, перифериялық жүйке жүйесінің ісіктері және жұлын жарақаттарының салдары кезінде операциялық емдеудің жаңа әдістерін енгізу"
Мастер-классты өткізу мақсаты:
Алматы облысы мен Талдықорған қаласындағы пациенттерге медициналық көмек көрсету үшін нейрохирургтердің жаңа операцияларды игеруі, бұл пациенттердің басқа өңірлерге кетуін қысқартады.
Мастер-класс жоспары
18.11.2021 бөлімшеде аралау, консультациялық көмек
19.11.2021-20.11.2021 операциялар