Қоғамдық кеңес өкілдері бас дәрігермен кездесті

Қоғамдық кеңес өкілдері бас дәрігермен кездесті

Алматы облысының Қоғамдық кеңес өкілдері  Роза Акжаркенова , Баниямин Файзулин, Амир Газалиев №2 емхананың бас дәрігері Нурмухамбетова Светлана Исмағұлқызымен кездесті. Сонымен қатар кездесуге Денсаулық сақтау басқармасының өкілі Гульнар Рахимбекқызы және №1 емхананың бас дәрігері Төлеуханова Лейла Омарханқызы  қатысты. Кездесуде педиатрия бөлімінің №2 Талдықорған қалалық емханасына көшірілу мәселесі талқыланды.  Емхананың бас дәрігері өз кезегінде терапиялық және педиатриялық учаскелер ҚР арнайы бұйрықпен бекіткен 2016-2022 жылға арналған «Денсаулық» бағдарламасына сәйкес  жоспарлы түрде  және кезең-кезеңімен жалпы тәжірибелік дәрігер учаскелеріне ауыстырылатынын айтты.  

Жалпы тәжірибелік дәрігер яғни, отбасылық дәрігер болғандықтан ол бүкіл отбасын туғаннан бастап қартайғанға дейін, өмір бойы бақылайды. Қолданыстағы бұйрыққа сәйкес консультант ретінде дәрігер-педиатр лауазымы сақталады. Жалпы тәжірибелі дәрігер балалар мен ересектерді алдын ала белгіленген уақытта қабылдайды.

Қоғамдық кеңес өкілдері  тұрғындарға кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуге кеңес берді.