
11 қарашадағы жағдай бойынша Алматы облысында КВИ-дың зертханалық расталған 56 349 жағдайы тіркелген, оның ішінде 41 988 жағдайдың симптом белгілері бар.
100 мың тұрғынға шаққанда КВИ сырқаттанушылық көрсеткіші – 2636,3 құрады. Облыстық сырқаттанушылық көрсеткішінің артуы Талдықорған, Текелі қалаларында, Қаратал, Көксу, Балқаш, Ескелді, Ұйғыр, Талғар, Панфилов аудандарында байқалады.
Соңғы тәулікте КВИ-дің 81 жағдайы тіркелді, оның ішінде 60 симптомдық және 21 симптомсыз.
Анықталған 81 жағдайдан 14 жасқа дейінгі балалар 10, оқушылар арасында 14 және студенттер арасында 4 жағдай.
Облыс өңірлері бөлінісінде КВИ сырқаттанушылығы: Ақсу-1, Алакөл-8, Балқаш-1, Еңбекшіқазақ-5, Ескелді-2, Жамбыл-2, Іле-2, Қарасай-6, Қаратал-3, Кербұлақ-2, Көксу-5, Панфилов-10, Сарқан–4, Талғар-8, ұйғыр–4, Талдықорған-14, Текелі-4.