Катар мемлекетінің инвесторлары Алматы облысында салынатын перзентхана құрылысын қаржыландыруды жоспарлап отыр

Катар мемлекетінің инвесторлары Алматы облысында салынатын перзентхана құрылысын қаржыландыруды жоспарлап отыр

Бүгін Алматы облысы әкімінің орынбасары Байжұманов Батыржан Құлаймергенұлы, Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ниязбеков Өмірзақ Әбілсейітұлы және Іле аудандық ауруханасының директоры Ысқақ Бауыржан Ербозымұлы Катар мемлекетінің өкілдерімен кездесті. Кездесуде Іле ауданында салынатын 125 орындық перзентхананың құрылысы талқыланды. Жоба бойынша Іле ауданында салынатын перзентхананың бірінші қабатында 150  әйелге амбулаториялық көмек көрсетіледі деп жоспарланып отыр.

«КАТАР» даму қорының өкілі Насыр Мұқамед әл-Жабырдың айтуынша, бұндай жоба екі елдің арасындағы достықты нығайта түседі.  

-Бұл - өте жақсы жоба. Біз бәріне келісіп отырмыз. Біз үшін науқас адамдарға көмектесу үлкен қуаныш.  Ең бастысы,  осындай жобалардың арқасында қазақ елі мен Катар елінің достық қарым-қатынасы нығаяды, сыйластығы артады, - деді  «КАТАР» даму қорының өкілі Насыр Мұқамед әл-Жабыр. 

Айта кету керек, Катар мемлекетінің инвесторлары Алматы облысының аумағында салынатын перзентхана құрылысын қаржыландыруды жоспарлап отыр.