Өткен тәулікте Алматы облысында 55 адам КВИ жұқтырған

Өткен тәулікте Алматы облысында 55 адам КВИ жұқтырған

Соның ішінде Панфилов ауданында – 11 жағдай, Талдықорған қаласында – 10, Талғар ауданында – 6, Қаратал және Ұйғыр аудандарында – 4 жағдайдан, Еңбекшіқазақ және Іле аудандарында 3 жағдайдан, Алакөл, Қарасай, Көксу, Сарқан аудандары мен Қапшағай қаласында 2 жағдайдан, Ақсу, Балқаш, Ескелді және Жамбыл аудандарында 1 жағдайдан тіркелді.

Сондай-ақ өткен тәулікте 15 адам емделіп шықты. Өңір "ЖАСЫЛ" аймақта.

10.11.2021 жылғы жағдай бойынша өңірде 939 адам стационарлық ем қабылдауда. Бір тәулікте ауруханаларға 74 адам түсті. Өңірдің ауруханаларындағы төсек орындар саны - 2245. Төсек-орын жүктемесі – 41,8 %.

Соңғы 3 күнде 5812 адамның сынамалары ПЦР зертханаларда тексерілді.

Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 827 499. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 1756. Екпенің 2-ші компонентін алғандар саны – 751 717. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 2205.