Көпсалалы клиникада Ашық есік күні өтті

Көпсалалы клиникада Ашық есік күні өтті

Алматы аймақтық көпсалалы клиникада және Облыстық көпсалалы клиникада сүт безі обырының алдын алу бойынша Ашық есік күні өтті. Бұл күні 77 әйел тексеруден өтіп, 9 әйелде онкологиялық ауру белгілері анықталып, тексеруге жіберілді. Скринингтік тексеру нәтижесінде бір әйелде жатыр мойны обыры анықталды.

СБО тәуекелінің негізгі факторларына мыналар жатады:

* генетикалық бейімділік;

* кеуде тығыздығы;

* эндокриндік бұзылулар;

* кеуде аурулары;

* аналық без онкологиясы;

* жасқа байланысты өзгерістер;

* дұрыс емес өмір салты;

* қолайсыз сыртқы әсерлер.