Алматы облысында сүт безі обыры бойынша 272 науқас есепке алынды

Алматы облысында сүт безі обыры бойынша 272 науқас есепке алынды

Jetisy' Media ақпараттық алаңында онкология мәселелері бойынша брифинг өтті.

Барлық нозологиялар бойынша Алматы облысы бойынша диспансерлік есепте 16 мыңға жуық пациент тұр. 2020 жылы қатерлі ісіктері бар 3064 пациент анықталды, барлығы 2021 жылы 9 айда сүт безі обыры бойынша 3243 пациент тіркелген, өткен жылмен салыстырғанда СБО анықталуының өсуі байқалады. 2021 жылы Алматы облысы бойынша сүт безі обыры бойынша диспансерлік есепке 272 пациент алынды.

Сүт безі қатерлі ісігі басты ерекшелігі – ауыру белгілері байқалмайды. Сондықтан көптеген адамдар ауруды байқамайды.  Негізгі белгілерге мыналар жатады: емізіктің тартылуы, жаралар, кеуде қуысының қысылуы және лимфа түйіндері ісінген кезде ауырсыну, емізіктен ағып кету, ісіну, емізіктің қызаруы және қышуы, салмақ жоғалту және әлсіздік.

Сондай-ақ, ер адамдар да емшек безі қатерлі ісігі дамуы мүмкін екенін ұмытпаған жөн. Алайда ер адамдар маммологтың қарауына өте кеш келеді.

"2020 жылы сүт безі обырынан 66 пациент қайтыс болды. Бұл онкология бөлімшесінде қайтыс болған пациенттердің жалпы санының 8.5% құрап отыр", - деп атап өтті Алматы аймақтық көпсалалы клиниканың онколог-маммологы Дәулет Айдаров.

Алматы облысы бойынша 114 650 әйел СБО бойынша скринингке жатады,оның 60% - ы скринингтен өтті. Скрининг барысында Алматы облысы бойынша 70 СБО анықталды,оның ішінде бірінші сатыда-45 /64,3%/; екінші сатыда-21/ 30%/; үшінші сатыда-3|4,3%/; 4 сатыда-1|1,4%/.

Бір қарағанда, жоғарыдағы барлық статистика қарапайым сандар болғанмен бұл адамдар  аурудың барысын байқамаған және өмір үшін күресіп жатқан адамдар. Қатерлі ісікті емдеу өте қиын, оның алдын алу оңай. Сондықтан сіз маммологтарға жылына бір рет барып, сүт безінің қабыну процестерімен (маститпен) немесе емшек сүтімен байланысты емес белгілер пайда болған кезде дәрігерге уақтылы қаралуыңыз керек.