Талғар ауданында оңалту орталығы ашылды

Талғар ауданында оңалту орталығы ашылды

Алматы облысы Талғар ауданы Қызыл-Қайрат ауылында "A-Class Medical" оңалту орталығы ашылды.  Медициналық оңалту орталығы науқастар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың денсаулын жақсартуға арналған.

Орталықтың ашылуы өңірдің бейінделген медициналық ұйымдарының жүктемесін азайтуға, сондай-ақ диагностикалық базаны күшейтуге, диагностикалық процедураларды жүргізуді шоғырландыруға және аурудың ерте кезеңдерінде алдын алу терапиясын бастауға мүмкіндік береді. Медициналық мекеменің төсек қоры штаттық режимде инфекциялық аурулары бар пациенттерге медициналық көмек көрсету үшін 120 төсекті құрайды.

Палаталар жаңа жиһазбен жабдықталған.   Орталықта науқастарды тіркеу орны, қабылдау бөлімі, кеңес беру блогы, тәулік бойғы стационар бөлімшесі, күндізгі стационар бөлімшесі, емшара кабинеті, жаттығу залы, ЕДШ залы, массаж бөлмелері заманға сай жабдықталып, халыққа қызмет етеді. Ас мәзірін әр пациент үшін диетолог-нутрициолог әзірлейді.