Алматы облысында алғашқы колопроктология және хирургиялық инфекция бөлімі ашылды

Алматы облысында алғашқы колопроктология және хирургиялық инфекция бөлімі ашылды

Талдықорғанда "колопроктология және хирургиялық инфекциялар" бөлімінің салтанатты ашылуы өтті.

Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасының базасында 20 орынға арналған жаңа бөлімше ашылды

Алматы қаласы Колопроктология орталығының басшысы, профессор, хирург-Проктолог Марат Абдуллаевтың айтуынша, бұл Алматы облысында денсаулық сақтау саласының дамуын дәлелдейтін тарихи сәт.

"Бұл бөлім өте қажет. Облыс басшылығы мен Денсаулық сақтау басқармасына облыс халқының жоғары білікті медициналық көмек алуына барлық жағдай жасалғаны үшін ризашылығымды білдіргім келеді. Бөлімше құрылды, енді біз әріптестерімізбен бірге дәрігерлер даярлауды көздеп отырмыз және тұрақты негізде тәжірибе алмасуға дайынбыз", - дейді Марат Абдуллаев.

Бөлімшеде 3 колопроктолог дәрігер жұмыс істейді. Профессор Марат Абдуллаевтың қолдауымен бөлімшеде жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетілетін болады.

"Біздің облыста мамандар үнемі білімдерін жетілдіріп отырады. Сонымен қатар медицина саласы заманға сай жабдықтармен қамтамасыз етіліп, медицина саласының дамуына барлық жағдай жасалған. Бұған дейін біздің облысымыздың пациенттері Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының ауруханаларына көмек сұрап жүгінген болатын. Ал енді барлық қажетті медициналық көмекті олар тікелей біздің көпбейінді аурухананың базасында ала алады", - деп атап өтті Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Арман Жансеңгіров.