
2021 жылдың 2 қазанында Алматы аймақтық көпсалалы клиникада қарттар күніне арналған Ашық есік күні өтті. Бұл күні клиника дәрігерлері Алматы облысының тұрғындарын қабылдады. Алматы аймақтық көпсалалы клиниканың клиникалық-диагностикалық емханасының мамандары:онкохирург, онкогинеколог, онкомаммолог, онкоуролог, эндоскопист дәрігер, УДЗ дәрігерлері және онкорентгенолог дәрігерлер 50 пациентті тексеруден өткізді.
Диспансердің жетекші мамандары оларға аурудың алдын алу шаралары мен емдеу әдістері туралы айтып берді. Барлық пациенттерге тағайындаулар, ұсынымдар, кеңестер берілді. Сонымен қатар онкологиялық аурулардың алдын алу бойынша дәрістер оқылды.
Міндетті және міндетті емес обырға дейінгі аурулары бар науқастар бейінді мекемелерге жіберіледі.
Дәрігерлердің айтуынша, тұрғындар уақытында скринингтік тексеруге келе бермейді. Тек ауруы асқынып, III-IV сатысында сыр бере бастағанда ғана дәрігердің көмегіне жүгінеді. Сондықтан дәрігерлер облыс тұрғындарынан аталған клиникада жиі өткізілетін Ашық есік күні скринингтен өтіп тұруларын сұрайды.
Құрметті Алматы облысының тұрғындары!
Алматы аймақтық көпсалалы клиникада 02.10. 2021 ж. сағат 09:00-ден 13: 00-ге дейін қарттар күніне орайластырылған Ашық есік күні өтеді.
Клиниканың жетекші мамандары: онкомаммологтар, онкогинекологтар, онкохирург, онкоуролог, эндоскопист және УДЗ дәрігерлері қабылдау жүргізеді.
Өтетін орны: Алматы аймақтық көпсалалы клиника
Мекен-жайы: Алматы қ, Р. Бағланова көшесі 69А.
Қосымша ақпаратты келесі телефондар арқылы біле аласыз:
8747 55 11 321; 8727 261 39 52; 8727 227 52 96.