Соңғы тәулікте КВИ 254 жағдайы тіркелді

Соңғы тәулікте КВИ 254 жағдайы тіркелді

21 қыркүйекте облыста КВИ зертханалық расталған 48 999 жағдай тіркелген, оның ішінде 35 547 белгілері бар.

100 мың тұрғынға шаққанда КВИ сырқаттанушылық көрсеткіші – 2292,5 құрады.

Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,6% - дан 0,5% - ға дейін төмендеді. Соңғы аптада өсімнің ең жоғары қарқыны Ақсу – 0,6%, Алакөл - 0,9%, Еңбекшіқазақ - 0,6%, Кербұлақ - 0,7%, Райымбек - 0,9%, Сарқан – 1,1%, Кеген – 0,6% аудандарында және Текелі қаласында - 0,6% байқалады.

Соңғы тәулікте КВИ 254 жағдайы тіркелді, өсу қарқыны – 0,5%, оның ішінде 235 симптомдық және 19 симптомсыз жағдай.

КВИ анықталған 254 жағдайының 54-і 14 жасқа дейінгі балалар, оқушылар арасында 45 және студенттер арасында 12 жағдай.

Облыс өңірлері арасында КВИ аурушаңдығы: Ақсу-1, Алакөл-34, Балқаш-5, Еңбекшіқазақ-38, Ескелді–12, Іле-16, Қарасай-10, Қаратал - 11, Кеген - 4, Кербұлақ-10, Панфилов–5, Райымбек-2, Сарқан - 14, Талғар–35, ұйғыр–4, Талдықорған–34, Текелі-16, Ж.Қапшағай-3.