Алматы облысында  734 891 адам вакцинаның бірінші компонентін алды

Алматы облысында  734 891 адам вакцинаның бірінші компонентін алды

Жыл басынан Алматы облысына вакцинаның 1 компонентінен 807 435 доза келіп түсті. Оның ішінде 598 575 доза Гам Ковид Вак, 137 850 доза Sinopharm, 43 010 доза QazVac және 28 000 доза – КоронаВак.

Вакцинаның 2 компонентінен 770 740 доза алынды. Оның ішінде 561 880 доза Гам Ковид Вак, 137 850 доза Sinopharm, 43 010 доза QazVac және 28 000 доза – КоронаВак

Бүгінгі күні облыста вакцинаның 1 компонентінен 66 859, 2 компонентінен 146 472 доза  қалып отыр.

21 қыркүйекке қараған күні 734 891 (67%) адам вакцинаның бірінші компонентін алды, екіншісімен 624 268 (57%) тұрғын егілді.