«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2020 жылғы 13 қарашадан ҚР ДСМ № 194/2020 бұйрығымен бекітілген Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы ҚР ДСМ № 242/2020 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау субъектілерінен ТМККК және МӘМС шеңберінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына сәйкес 2021 жылғы 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін азаматтарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК ұйымы) көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне Бекіту науқаны басталатындығы туралы хабарлайды.
Бекіту науқаны тек ТМККК шегінде және МӘМС жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді көрсетуге үміткер Денсаулық сақтау субъектілерінің деректер қорында тіркелген денсаулық сақтау ұйымдары арасында ғана өткізіледі.
Азаматтарды МСАК ұйымдарына бекіту олардың өтініші бойынша «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүргізіледі.