
8 қыркүйектегі жағдай бойынша облыста КВИ зертханалық расталған 45 547 жағдай тіркелген, оның ішінде 32 479 симптом белгілері бар.
100 мың тұрғынға шаққанда КВИ сырқаттанушылық көрсеткіші – 2130,9 құрады.
Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,9% - дан 0,7% - ға дейін төмендеді. Соңғы аптада ең жоғары өсу қарқыны Алакөл, Балқаш, Ескелді, Қарасай аудандарында және Талдықорған қаласында байқалады.
Соңғы тәулікте КВИ-дың 265 жағдайы тіркелді, өсу қарқыны – 0,6%, оның ішінде 224 симптомдық және 41 симптомсыз жағдай.
КВИ анықталған 265 жағдайының 43-і 14 жасқа дейінгі балалар, оқушылар арасында 41 және студенттер арасында 3 жағдай
Облыс өңірлері арасында КВИ аурушаңдығы: Алакөл - 5, Балқаш-6, Еңбекшіқазақ-31, Ескелді–8, Жамбыл–12, Іле-27, Қарасай-18, Қаратал-6, Кеген-3, Кербұлақ-2, Көксу-2, Панфилов–18, Райымбек-1, Талғар–20, Ұйғыр–12, Талдықорған–73, Текелі-15, Қапшағай қаласы-15 6.