
Бұл жөнінде журналистерге Қарасай ауданаралық көпсалалы аурухана директорының орынбасары Куккузов Руслан Ерланұлы брифингте мәлімдеді.
- Қарасай ауданында 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап коронавирусты инфекциға қарсы екпе егу жұмыстары жүргізілуде. Қарасай ауданы бойынша екпе алуға жататын тұрғындар саны -151200 адам. 01.02.2021 - 25.08.2021 жыл аралығында Қарасай ауданына бірінші кезең үшін жалпы 80760 доза екпе жеткізілген. Бірінші кезеңдік екпе – 79265 (52,4%) адамға жүргізілді.Екінші кезеңдік екпе –60250 адам алды, - деді.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бүгінгі күнге дейін коронавирус («Covid–19») індетінің тарауына және еліміздегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыздығына байланысты Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қарасай ауданаралық көпсалалы ауруханасы» комуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан дайындық жұмыстары күшейтілді. Аудандағы емдеу мекемелері бойынша 28 өкпені жасанды тыныс алдыру аппараты 85 оттегі концераторы, 1 Компьютерлік томаграфия, 2 цифрлы рентген-аппарат, 75 пульсоксиметр, Аудандық аурухананың стационар бөлімшелеріне және Үшқоңыр ауылдық аурханасы бойынша 177 оттегі нүктесімен 2 оттегі станциясы орнатылды.
Бүгінгі таңда аудан бойынша І деңгейлі инфекциялық стационарда 200 төсек (20 реанимация), ІІ деңгейлік инфекциялық стационарда төсек 450 орын (40 реанимация) дайындалған. 2021 жылдың 26-ыншы тамызындағы жағдай бойынша І деңгейлі инфекциялық стационарда 72 (36%-ға толған) пациент, провизорлық стационарда 276 (61,3 %-ға толған) пациент, жалпы 348 пациент стационарлы ем алуда.
Ауданда эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыздығы орын алса жалпы төсек қоры 1000 төсекке дейін ұлғайтылады (пессимисттік С жоспары бойынша).
2020 жылы инфекциялық стационарларда 2275 пациент ем алды. (ПТР оң нәтижелі 564 науқас, ІІ деңгейлі инфекциялық стационарда ПТР теріс нәтижелі 1711 пациент стационарлы ем алған.) 2021 жылдың 1 қаңтарынан бүгінгі күнге дейін 4120 пациент инфекциялық стационарға жатқызылған. Оның ішінде ПТР оң нәтижелі 1095, ПТР теріс нәтижелі 3026 стационарда ем алған.
Коронавирустық инфекцияны анықтау мақсатында Қарасай ауданы бойынша 2020 жылдан бері полимеразды тізбекті реакциялық тестке 88 085 адамнан биологиялық материалдар алынған. Жүргізілген тесттерден 85 207 адамнан теріс нәтиже, 2878 адамнан оң нәтиже (2012 симптомды, 866 симптомсыз), анықталған. 18 жасқа дейінгі балалар арасында 78 жағдай тіркеліп, балалар арасында барлық жағдай симптомсыз өтті.
Екпе егу жұмыстары 14 медицина мекемесінде және 9 жылжымалы егу пункттері, 4 жеке медицина орталықтары жалпы 27 егу пункттерінде жүргізіледі. Коронавирус жұқпасына қарсы екпені жүргізуге және «Вакцинация» базасына 46 дәрігер, екпе салуға және тіркеу жұмыстарымен айналысу үшін 69 медбике, жалпы 115 медицина қызметкерлері егу жұмыстарын жүргізеді. Қажеттілігіне қарай қосымша тағы медицина қызметкерлері жұмысқа тартылуда.
Аудандағы егу пунктерінде 7 вакцина сақтауға арналған мұздатқыш, 32 термоконтейнержабдығы бар.
Бүгінгі күнге дейін екпе алғандар арасында асқыну жағдайлары, жағымсыз жағдайлар орын алуы деректері тіркелмеді.