
Жыл басынан Алматы облысына вакцинаның 1 компонентінің 689 255 дозасы келіп түсті. Оның ішінде 598 745 доза Гам Ковид Вак, 39 500 доза Хаят Вак, 13 010 доза – КазВак, 28 000 доза – Коронавак және 10 000 – синофарм. Бүгінгі күні Алматы облысында 1 компонентті вакцинаның 66 413 дозасы қалды (Гам Ковид және синофарм)
Вакцинаның 2 компонентінен 557 415 дозаны алды. Оның ішінде 466 905 доза Гам Ковид Вак, 39 500 доза – Хаят вак, 13 010 доза – КазВак, 28 000 доза – КоронаВак және 10 000 доза – синофарм. Бүгінгі күні вакцинаның 2 компонентінен 69 337 доза қалды (Гам Ковид және синофарм)
Бірінші компонентпен 622 842 адам егілді, екіншісінен – 488 078. Вакцина алған адамдар арасында – мемлекеттік қызметкерлер – 12 146, медицина қызметкерлері – 23 559, педагогтар-38 962, созылмалы аурулары бар адамдар (қант диабеті, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, жүрек – қантамыр жүйесі) – 5362 және басқа да қызмет салаларының өкілдері-494 254 адам.