Соңғы тәулікте КВИ 383 жағдайы тіркелді

Соңғы тәулікте КВИ 383 жағдайы тіркелді

17 тамыздағы жағдай бойынша облыста КВИ зертханалық расталған 37 586 жағдай тіркелген, оның ішінде 25 741 симптомдары бар.

100 мың тұрғынға шаққанда КВИ сырқаттанушылық көрсеткіші – 1758,5 құрады.

Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,9%-дан (03.08-09.08) 1,0% - ға дейін (10.08-16.08) өсті. Соңғы аптадағы өсімнің ең жоғары қарқыны Алакөл өңірінде байқалады - 1,5% (93 жағдай), Балқаш - 2,0% (79 жағдай), Ескелді - 1,2% (82 жағдай), Қаратал - 1,2% (121 жағдай), Кербұлақ - 1,3% (66 жағдай), Сарқан - 1,7% (57 жағдай), Кеген - 1,7% (22 жағдай) аудандары мен Текелі қаласында - 1,1% (98 жағдай).

Соңғы тәулікте КВИ 383 жағдайы тіркелді, өсу қарқыны – 1,0%, оның ішінде 333 симптомдық және 50 симптомсыз жағдай.

КВИ анықталған 383 жағдайының 43-і 14 жасқа дейінгі балалар, оқушылар арасында 23 жағдай және студенттер арасында 2 жағдай.

Облыс өңірлері бойынша КВИ аурушаңдығы: Ақсу-3, Алакөл-19, Балқаш–9, Еңбекшіқазақ-19, Ескелді–9, Жамбыл–39, Іле-38, Қарасай-36, Қаратал-97, Кербұлақ-7, Панфилов–16, Сарқан-75, Райымбек - 2, Талғар–44, Ұйғыр–10, Талдықорған–79, Текелі-30, қ.Қапшағай-11.

Барлығы ауруханадан 29 907 пациент шығарылды, тәулігіне стационардан 49 пациент, 303 адам үй оқшаулауынан алынды. Барлығы инфекцияда – 633 адам барлығы 1400 төсек, аурухана толымдылығы -45,2%.