ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Бүгін Көпсалалы облыстық балалар ауруханасының  ұжымы «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы облыстық филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымдары арасында өткізген «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» атты облыстық байқауда екінші орынға ие болды.

Медициналық мекемелер арасында өткен байқаудың мақсаты  кәсіподақ мүшелерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша кәсіподақ ұйымдарының қызметін жандандыру және ұйым мүшелерінің жарғылық мақсаттары мен тапсырмаларын орындау барысында белсенділік танытқан ұйымдарды анықтау.

Сәуір айында жарияланған байқаудың қортындысына сай Көпсалалы облыстық балалар ауруханасының қызметкерлері екінші орынды алып,  жүлде қоры 300 000 теңгені құрайтын сертификатқа ие болды.