Клиника қызметкерлерінің міндеттері мен құқықтары туралы семинар өтті

Клиника қызметкерлерінің міндеттері мен құқықтары туралы семинар өтті

Алматы аймақтық көпсалалы клиникада медицина қызметерлерінің  міндеттері мен құқықтары туралы семинар өтті. Семинар барысында  клиника қызметкерлерін медициналық этика қағидаларын сақтау, емделушілерге қажетті медициналық көмекті дер кезінде көрсету, пациенттерге құрметпен қарау тағы да басқа міндеттерімен таныстырды.

Медицина қызметкерлерінің негізгі міндеті:

  1. Өзінің тікелей лауазымдық міндеттерін орындау.
  2. Дәрігерлік құпияны сақтау.
  3. Пациенттерге құрметпен және адамгершілікпен қарау және олардың құқықтарын сақтау.
  4. Медициналық этика қағидаларын сақтау.
  5. Кәсіби білім деңгейін арттыру.
  6. Медицина қызметкерлері кез келген пациентке өз мүмкіндіктеріне қарай медициналық көмек көрсетуге міндетті.