«ASAR VITA» қоғамдық қоры клиникаға қайырымдылық көмек көрсетті

«ASAR VITA» қоғамдық қоры клиникаға қайырымдылық көмек көрсетті

Алматы аймақтық көпсалалы клиникаға «ASAR VITA» қоғамдық қоры кезекті қайырымдылық көмек көрсетті. Қор қызметкерлері клиникадағы емделушілер үшін «ЛИПОФУНДИН» препаратын әкелді. Сонымен қатар медициналық қалдықтарды салуға арналған арнайы жәшіктерді табыстады.   

«ЛИПОФУНДИН»  препараты оңай жойылатын липидті компонентті қамтитын энергия көзі болып табылады. Сонымен қатар денені парентеральды тамақтану құрамына енетін маңызды май қышқылдарымен қамтамасыз етеді.

Клиника директоры Олжаев Саяхат Таурбекұлы «ASAR VITA» қоғамдық қорының қызметкерлеріне алғысын білдірді.

- «ASAR VITA» қоғамдық қоры біздің клиникаға бірнеше жылдан бері қайырымдылық көмек көрсетіп келеді.Бүгін кезекті қайырымдылық шара аясында табысталған  «ЛИПОФУНДИН» біздің емделушілер үшін қажетті препарат болып табылады. Сондықтан науқастардың  денсаулығын жақсартуға септігін тигізетініне сенімдімін,-деді.

Естеріңізге сала кетсек, «ASAR VITA» қоғамдық қоры мүмкіндігі шектеулі үлкендер мен балаларға, әлеуметтік жағдайы төмен көпбалалы отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетумен айналысады. Аталған қоғамдық қор бірнеше жыл бойына көптеген адамдардың денсаулығын нығайтуға, әлеуметтік бейімделуіне көмек көрсетіп келеді.