
21 шілдедегі жағдай бойынша облыста КВИ зертханалық расталған 29 694 жағдай тіркелген, оның ішінде симптомдармен 19 028.
100 мың тұрғынға шаққанда КВИ сырқаттанушылық көрсеткіші – 1389,3 құрады. Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,4%-дан (07.07-13.07), 0,5% - ға дейін (14.07-20.07) ұлғайды. Соңғы аптада ең жоғары өсу қарқыны Алакөл - 1,2%, Балқаш - 0,7%, Еңбекшіқазақ - 0,6%, Іле - 0,9%, Қарасай - 1,0%, Қаратал - 0,7%, Райымбек - 0,9%, Талғар-0,7% аудандарында байқалады.
Соңғы тәулікте КВИ 160 жағдайы тіркелді, өсу қарқыны – 0,5%, бұл 138 симптомдық (86,2%) және 22 симптомсыз (13,8%) жағдай.
КВИ анықталған 160 жағдайының 17-сі 14 жасқа дейінгі балалар, оқушылар арасында 12 жағдай.
Облыс өңірлері арасында КВИ сырқаттанушылығы: Ақсу – 2, Алакөл-7, Балқаш-3, Еңбекшіқазақ-18, Ескелді – 3, Жамбыл-12, Іле-15, Қарасай-17, Қаратал – 4, Кербұлақ – 5, Көксу – 2, Панфилов – 7, Райымбек–1, Талғар – 30, Талдықорған - 31, Текелі-3.
21 шілдедегі жағдай бойынша 27 335 науқас жазылып шықты, бір тәулік ішінде стационардан 42 пациент шығарылды, 19 адам үй оқшаулауынан шығарылды.