Талдықорғанда «DiVera» медициналық орталығы медициналық зертхана ашылды

Талдықорғанда «DiVera» медициналық орталығы медициналық зертхана ашылды

 Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Халық денсаулығы - бұл Қазақстанның өзінің стратегиялық мақсаттарына жетудегі жетістігінің ажырамас бөлігі» деп атап көрсетілген. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау секторында халыққа бастапқы медициналық-санитариялық көмекті басым дамыта отырып, медициналық көмек көрсету жүйесінің тиімділігін, қолжетімділігі мен нәтижелілігін сапалы арттыруға аса маңызды мән беріледі. Медициналық қызметтердің сапасын арттыру және денсаулық сақтаудың жоғары технологиялық жүйесін дамыту арқылы халықтың денсаулық жағдайын жақсарту қажеттілігі "Қазақстан-2050" Стратегиясында атап өтілді және "100 нақты қадам"Ұлт жоспарында көрініс тапты. Халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін "100 нақты қадам" бағдарламасының 81-қадамында жеке медицинаны дамыту туралы айтылған. Мемлекеттік емес ұйымдар арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін ұсынуды кеңейту, мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін белсенді енгізе отырып, мемлекеттік медициналық ұйымдарды жекешелендіруді ынталандыру әлеуметтік медициналық сақтандыру жағдайындағы бастапқы медициналық-әлеуметтік көмекті қаржыландыру негізінде бәсекелестік есебінен көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін, сапасын, ашықтығын арттыруға ықпал ететін болады. Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы мен "КДЛ ОЛИМП" ЖШС компаниялар тобы (консорциум) мен "OLYMP MEDICAL GROUP" ЖШС арасында МЖӘ тетіктерін пайдалана отырып, "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында 2020 жылғы наурызда "Талдықорған қаласының орталықтандырылған медициналық зертханасы мен медициналық орталығын"салу және пайдалану туралы МЖӘ Шарты жасалды. МЖӘ шартына сәйкес жеке әріптес Автоматты талдауыштарда орындалған биоматериалдарды зертханалық зерттеудің кең спектрін ұсына отырып, зертханалық қызметтерді орындау бойынша қалалық емханалардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін зертхана салып, жарақтандырды