
Алматы облысының санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті ас тұзын үйде ғана емес, қоғамдық тамақтану орындарында да пайдалануды азайтуға шақырады. Бұл үндеудің негізі мынада.
Тұз өсімдік және жануар тектес тағамдардың бәрінің дерлік құрамында болады. Әсіресе консервіленген (тұздалған қияр, зәйтүн, қырыққабат), пісірілген-ысталған (ет, шұжықтар), кептірілген-қуырылған (тұздалған жаңғақтар, чипсы, қытырлақ нан), сүт (ірімшік, брынза, құрт) және теңіз тағамдарында (теңіз қырыққабаты, шаян, майшабақ, мидий, краб, теңіз шаяны) көп мөлшерде кездеседі. Осындай тағамдарды жиі пайдаланып, оған қоса күнделікті тағамдарды қосымша тұздау, ағзадағы артық тұз адамның су-тұз және сілті-қышқыл алмасуына кері әсер тигізуі әбден мүмкін.
Адамның денесі 70% судан тұрады, тұз (хлорид натрия) ағзадағы су тепе-теңдігін сақтауды реттейді. Хлор асқазан сөлінің басты компоненті тұз қышқылын түзуге қажетті. Бірақ, адам ағзасына тұздың артық мөлшерде түзуі қанның осмостық қысымын өзгертіп, бүйректің зәр бөлетін функциясын бұзады, сұйықтардың жиналып тіндердің ісінуінің нәтижесінде қан тамырларының қысылуы арқылы олардың ішіндегі қысымның жоғарлауына әкеледі. Егер бұндай жағдай тұрақты болса, онда жүрек-қантамырларының аурулары қалыптасып, зат алмасу бұзылады, бүйректер зардап шегеді. Асқазанның тітіркенуі қатерлі ісіктің пайда болуы қатерін жоғарлатады. Аз қозғалысқа байланысты артроз, остехондроз, яғни буындар мен жұмсақ тіндерде тұз жиналады. Сондықтан, асты артық тұздау тек қана зиянды емес, ол өте қауіпті.
Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы(ДДСҰ) күніне 2-3 г. артық емес, яғни 1 шай қасық тұзды пайдалануды ұсынады, бірақ статистикалық деректер бойынша қазіргі уақытта адамдар 12-13 г. артық тұз қолданылады екен. Бұндай көп тұз пайдалану әр бір адамға қауіпті, әсіресе семіздікпен, гипертония, подагра, бүйрек аурыларымен зардап шегетін адамдар және климакстағы, клмакстан өткен әйелдерге өте қауіпті.
«Тұзды уыстап жемес» деп бекер айтылмаған шығар, сондықтан, тұзды пайдалануда біздің кеңестерімізге құлақ асыңыздар!