Екі клиниканың дәрігерлері бірлесіп мастер-класс өткізді

Екі клиниканың дәрігерлері бірлесіп мастер-класс өткізді

Бүгін Алматы аймақтық көпсалалы клиниканың дәрігерлері Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының дәрігерлерімен бірлесіп, бауыр аурулары мен бауырдың метастатикалық зақымдануы кезінде бауырды химиоэмболизациялау бойынша мастер-класс өткізді.

Бауырдың метастатикалық зақымдануы-бауырдың ісік жасушаларына екінші рет әсер етуі. Бауырдың химиоэмболизациясы-интервенциялық хирургия саласына жататын обырды емдеу әдісі.

Химиоэмболизация-қатерлі ісікке қарсы жасалған қос соққы. Бұл емдеу әдісінің тиімділігі өте жоғары: шамамен 2/3 жағдайда ісіктің өсуін тоқтатуға немесе оның мөлшерін едәуір азайтуға болады. Әсер қатерлі ісік түріне байланысты 10-14 айға созылады. Процедура хирургия, химиотерапия, радиожиілікті аблация, сәулелік терапия сияқты басқа емдеу түрлерімен жақсы жүреді. Сонымен қатар, бауырдың химиоэмболизациясын емдеудің тәуелсіз түрі ретінде қолдануға болады.