
2021 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша облыста КВИ зертханалық расталған 27 337 жағдай тіркелген, оның ішінде симптомдармен 17 191 жағдай.
Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада салыстыру кезінде 0,1% деңгейінде қалды.
Соңғы аптада ең жоғары өсу қарқыны Ақсу – 0,2%, Балқаш – 0,2%, Ескелді – 0,2%, Қаратал – 0,3%, Көксу – 0,2%, Сарқан – 0,3% аудандарында және Текелі қаласында – 0,3% байқалады.
Соңғы тәулікте КВИ 53 жағдайы тіркелді, өсу қарқыны – 0,2%, оның ішінде 45 симптомдық және 8 симптомсыз жағдай.
КВИ анықталған 53 жағдайдан жетеуі 14 жасқа дейінгі балалар.
29 маусымда облыс өңірлері арасында КВИ сырқаттанушылығы тіркелген аймақтар: Еңбекшіқазақ – 1, Ескелді – 3, Жамбыл – 3, Іле – 9, Қарасай – 6, Қаратал – 3, Кербұлақ – 1, Көксу – 2, Панфилов – 2, Талғар – 8, Ұйғыр – 1, Талдықорған қ. – 10, Текелі қ. – 4.
30 маусымға – 26 314 науқас жазылып шықты, бір тәулік ішінде стационардан 17 пациент шығарылды, – 18 адам үй оқшаулауынан шығарылды.