
2021 жылдың 18 маусымында ШЖҚ "Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы" МКК базасында профессор Нұрлан Мұхтарұлы Арыновтың қатысуымен "Туған елге тағзым" атты шара аясында мастер класс өтеді. Аталған іс-шара Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды. Нұрлан Мұхтарұлы ҚР, РФ хирургтар қоғамының және педиатрлар мен балалар хирургтары қоғамының, Халықаралық гепатологтар мен гастроэнтерологтар қоғамының, РФ мен ТМД елдерінің хирург-гепатологтары мен эндоскопист хирургтарының ғылыми қоғамының мүшесі болып табылады.
Аталған іс-шараның мақсаты туа біткен даму кемістігі бар Алматы облысының балаларына консультациялық-диагностикалық және хирургиялық медициналық көмек көрсету.
Іс-шаралар жоспары
1.Профессордың кездесуі
Еске сала кетейік, профессор Арынов Нұрлан Мұхтарұлы өзінің әкесі профессор Мұхтар Арынның 85 жылдығына орай облыстың медициналық мекемелерінде шеберлік сыныбын өткізеді.