
2021 жылдың 10-11 маусым күндері Талдықорған медициналық колледжінің спорт залында «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы облыстық филиалының ұйымдастыруымен Медицина қызметкерлері күніне арналған, облыстық емдеу мекемелерінің қызметкерлері арасында волейболдан облыстық турнир өткізілді.
Турнирге Алматы облысындағы медицина саласы бойынша 12 мекеме өтініш білдірді.
Командалар екі күн бойы тартымды ойын көрсетіп,
1 орынды - ШЖҚ «Облыстық жедел жәрдем және шұғыл медициналық көмек станциясы» МКК (100 000 теңге)
2 орынды - ШЖҚ «Облыстық көпсалалы клиника» МКК (70 000 теңге)
3 орынды – Сот медициналық сараптама (50 000 теңге) алды.
Сондай-ақ жарыс қорытындысында 10 қатысушыға номинация атақтары беріліп, мақтау қағазымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Екі күндік турнир нәтижесінде әділ төрелік еткендігі үшін әр төрешіге Гуламов Асхат Мавляновичке және Юсупова Елена Викторовнаға 20 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар табысталды.
Бұл турнирге қатысушы командалар келесі жылы тағы да осындай іс-шаралар өз жалғасын тапса екен деген өздерінің ойларымен бөлісіп, тілектерін білдірді.