
Құрметті Сарқан ауданының және Сарқан қаласының тұрғындары!
12 маусым 2021 жылы Сарқан аудандық ауруханасында медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР "Дарын" сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері - Арынов Нұрлан Мұхтарұлы мастер-класс өткізеді. Мастер - класс тиреэктомия (қалқанша безді ішінара немесе толық алып тастау), сафенэктомия (төменгі аяқтың үлкен және кіші тері астындағы тамырларын алып тастау) сияқты операцияларды қамтиды. Сондай-ақ хирургиялық және онкологиялық патологиялары бар науқастарға кеңес беріледі.